ktf.kz

Елена Рыбакина жаңа маусымда алғашқы ресми матчын өткізіп, жеңіске жетті

Қазақстанның ең мықты теннисшісі Елена Рыбакина (4 WTA) 2024 жылдың жаңа маусымында алғашқы ресми матчын өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Брисбендегі (Австралия) WTA-500 турнирінде қазақстандық теннисші екінші айналымда 21 жастағы австралиялық спортшы Оливия Гадекимен кездесіп, 6: 4, 6:1 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 12 минутқа созылды.

Осылайша, Рыбакина төрт эйсті ресімдеп, бір ғана қателік жіберіп, бесеуінен үш брейк-пойнтты іске асырды. Айта кетейік, бұрын теннисшілер бір-бірімен кездеспеген.