Елена Рыбакина Вашингтон турнирінің жартылай финалына шықты
26.07.2025 16:15
Фото:
ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Вашингтон (АҚШ) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда әлемдік рейтингіде 24-орында тұрған Польша өкілі Магдалена Френхпен ойнады.
Осыған дейін қарсыластар екі мәрте кездесіп, онда Рыбакина ұтқан еді. Бұл жолы Елена 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.
Елена Рыбакина финалға өту үшін әлемнің 36-ракеткасы, 22 жастағы канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

