Елена Рыбакина US Open-2025 турнирінің үшінші айналымына өтті
28.08.2025 12:37
Фото:
ҚР ҰОК
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-та (Нью-Йорк) өтіп жатқан US Open-2025 турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Екінші айналымдағы кездесуде қазақстандық спортшы Чехиядан барған 18 жастағы Тереза Валентованы екі сетте 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңді.
Матч 1 сағат 41 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина төрт эйс жасап, екі қос қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың төртеуін тиімді пайдаланды.
Келесі кезеңде Рыбакина 2021 жылғы US Open чемпионы ұлыбританиялық Эмма Радуканумен кездеседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

