Жаңалықтар

Елена Рыбакина теннистен Қазақстан құрамасына жеңіс әкелді

Екінші кездесуде Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина мен дүниежүзілік рейтингте 98-сатыда тұрған Хэрриет Дарт кортқа шықты
Елена Рыбакина теннистен Қазақстан құрамасына жеңіс әкелді
Фото: olympic.kz 09.11.2022 09:11 1135

Шотландияның Глазго қаласында теннистен командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде С тобында Қазақстан Ұлыбритаия құрамасын ұтты, деп хабарлайды El.kz.

Екінші кездесуде Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина мен дүниежүзілік рейтингте 98-сатыда тұрған Хэрриет Дарт кортқа шықты.

Осыған дейін қарсыластардың екі мәрте жолдары тоқайласқан. Екеуінде де қазақстандық теннисші британдықтан айласын асырды.

Бірінші партияда есеп 1:1 болғаннан кейін Е.Рыбакина дес бермей, қатарынан бес геймді алды - 6:1.

Екінші сетті қазақстандық спортшы 2:0 есебімен сәтті бастағанымен, Дарт таразы басын теңестірді. Есеп 4:4 болған мезетте Елена тағы бір брейкке қол жеткізді. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Осылайша, Қазақстан 2:0 есебімен алға шығып, жеңісті қамтамасыз етті. Енді қалған жұптық бәсеке ештеңені шешпейді.

Сәрсенбі күні қазақстандық қыздар С тобында Испаниямен шеберлік байқасады. Оны жеңсе, жартылай финалға жолдама алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға