Елена Рыбакина теннистен БАӘ-дегі турнирдің жартылай финалына шықты
21.02.2025 13:43
Фото:
ҚР ҰОК
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1/4 финалдық матчта қазақстандық теннисші америкалық София Кениннен (56 WTA) 6:2, 7:6 (7:2) есебімен басым түсті. Осылайша, Елена мен София арасындағы жеке кездесулердің есебі 3:0 болды.
Ойын 1 сағат 25 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы 17 эйс жасап, үш қос қателікке жол берді және бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті жүзеге асырды.
Финалға шығу үшін Елена әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Мира Андреевамен кездеседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

