Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирді сәтті бастады
20.04.2023 09:33
Фото:
©AP/Mark J. TERRILL
«Уимблдона-2022» турнирінің жеңімпазы, Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 додасын сәтті бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз алғашқы айналымда жергілікті теннисші Юле Нимайердің (әлемнің 65-ракеткасы) осал тұсын оңай тапты. Рыбакина екі сеттің қорытындысы бойынша 7:5, 6:3 есебімен жеңді.
Матч бір жарымға сағатқа жалғасты. Енді Елена Рыбакина бразилиялық Беатрис Хаддад Майеймен кездеседі (әлемнің 14-ракеткасы).
Бұл ойын 20 сәуірде Астана уақытымен 16:00-де басталады.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 780 000 долларды құрайды. Ал жеңімпаз 120 мың доллар мен рейтингтік 470 ұпайды алад. Сонымен қатар Porsche автокөлігі беріледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

