Елена Рыбакина Серена Уильямспен теңесті
04.07.2025 10:03
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Уимблдон-2022 чемпионы, әлемнің 11-ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина енді Уимблдон турнирінің Ашық дәуіріндегі әйелдер арасындағы жекелей сында жеңіс пайызы бойынша төртінші орынды иеленіп отыр – 87,5%, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. OptaAce мәліметінше, бұл көрсеткіш бойынша ол америкалық Серена Уильямспен теңесті.
Аталған көрсеткіш бойынша рекорд Энн Хейдон-Джонсқа (92,3%) тиесілі. Одан кейін Штеффи Граф (91,4%) және Мартина Навратилова (89,6%) орналасқан.
Еске сала кетейік, Рыбакина Уимблдон-2025 турнирінің үшінші айналымына шықты, ол грек спортшысы Мария Саккариді 6:3, 6:1 есебімен жеңді. Енді үшінші айналымда даниялық Клара Таусонмен кездеседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

