Жаңалықтар

Елена Рыбакина Римдегі жеңісі үшін қанша сыйақы алды?

Елена Рыбакина Римдегі жеңісі үшін қанша сыйақы алды?
Фото: olympic.kz 21.05.2023 23:42 592

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Италияда өткен Masters турниріндегі жеңісі үшін қомақты сыйақыға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Рыбакина чемпион атағымен қоса, 521 754 еуро ақшалай сыйлыққа қол жеткізіп, 1000 рейтингтік ұпайды иеленді.

Осылайша, Елена Рыбакина спорттағы мәнсабында алғаш рет Рим мастерс турнирінің жеңімпазы атанып отыр.

22 мамырдан бастап жаңартылатын әлемдік рейтинг бойынша Рыбакина әлемдегі 4-ші ракетка атанады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға