Елена Рыбакина Римдегі турнирде ерекше нәтижеге қол жеткізді
15.05.2023 14:08
Фото:
Instagram.com/lenarybakina_kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 жарысының төртінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
1/16 финалда Елена Рыбакина ресейлік Анна Калинскаямен шеберлік байқасып, техникалық жеңіске (1 сет - 4:3 - қазақ теннисшісі пайдасына) қол жеткізді. Өйткені оның қарсыласы жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты.
Осылайша Елена Рыбакина мансабында тұңғыш рет Италиядағы «мыңдық» жарыстың төртінші кезеңіне жолдама алды.
Айта кетейік, бәсекенің ширек финалы жолдамасын отандасымыз әлемнің 70-ракеткасы Маркета Вондроушовамен сарапқа салады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

