ҚТФ

Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды

Елена Рыбакина Қытайда өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Нинбо қаласында өткен турнирдің финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы ресейлік теннисші Екатерина Александровамен кездесті.

Жеңімпаз 164 мың доллар мен 500 рейтингтік ұпай иеленді.

Финалға дейін Рыбакина украиналық Даяна Ястремскаяны, австралиялық Айла Томляновичті және итальяндық Жасмин Паолиниді жеңіп шықты.