Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлерге алғыс айтты
09.01.2024 05:15
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлерге алғысын айтты.
Қазақстандық теннисші Брисбен (Австралия) WTA 500 турнирінде өзін қолдаған барша жанкүйерге ризашылығын білдірді.
Баршаңызға, әсіресе, қазақстандық жанкүйерлерге мың алғыс. Сіздердің хабарламаларыңызды оқу, әлемнің түрлі елдерінде мінбелерден жанкүйерлерімді көру маған ерекше қуаныш сыйлайды, - деп жазды Рыбакина Instagram желісіндегі парақшасында.
Елена Брисбен жарысының финалында әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңіп, WTA додаларындағы алтыншы титулына қол жеткізген болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

