Жаңалықтар

Елена Рыбакина Қазақстанда тұңғыш болып 10 млн доллар сыйақы алды

Елена Рыбакина Қазақстанда тұңғыш болып 10 млн доллар сыйақы алды
Фото: wta.com 22.05.2023 14:28 838

Қазақстанның ең мықты теннисшісі Елена Рыбакина спортпен қатар қаржылық рекордтарды да жаңартып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Рыбакина – 10 миллион сыйақы тапқан Қазақстандағы алғашқы ойыншы.

Римдегі топырақ төсеніште өткен «Мастерс» турнирінде еліміздің бірінші ракеткасы финалда украиналық Ангелина Калининаны ұтты (WTA рейтингінде №47). Италия корттарында Рыбакина 564 407 доллар сыйақы тапты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл маусымда Еленаның банктегі шотына 3 795 007 доллар түсті. Ал спорттық карьерасында 23 жастағы бойжеткен 10 155 965 доллар тапқан.

Қазақстанның табысты он теннисшісі:
1. Елена Рыбакина – 10 155 965 доллар (осы маусымда – 3 795 007)
2. Михаил Кукушкин – 6 815 090 (33 848)
3. Ярослава Шведова – 6 717 223 (0)
4. Юлия Путинцева – 6 442 126 (266 835)
5. Александр Бублик – 4 618 096 (339 736)
6. Зарина Дияс – 3 682 468 (0)
7. Андрей Голубев – 3 229 737 (40 391)
8. Галина Воскобойникова – 2 525 167 (0)
9. Александр Недовесов – 1 253 165 (43 131)
10. Анна Данилина – 660 132 (76 990).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға