Жаңалықтар

Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды

Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды
Фото: t.me/ktf_kz 25.07.2024 21:26 493

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспау туралы шешім қабылдады. Қазақстан теннис федерациясы оның себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олимпиаданың ресми сайтындағы тізімде жекелей сындағы және микстегі сеткадан отандасымыздың аты-жөні алынып тасталды.  

Қазақстан теннис федерациясы әйелдер ұлттық құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Олимпиада ойындарына қатыса алмайтынын хабарлады. Оған "жедел бронхит" диагнозы қойылған. Дәрігерлер  спортшыға теннис кортына шықпақ түгілі, ұшақпен ұшуға тыйым салған.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға