Жаңалықтар

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваның олимпиададағы қарсыластары анықталды

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваның олимпиададағы қарсыластары анықталды
Фото: Olympic.kz 25.07.2024 17:09 312

Бүгін Париж Олимпиадасында теннистен жекелей сынның жеребе тарту рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, ұлттық құрама көшбасшысы, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Париждегі доданың 3-номерлі теннисшісі ретінде тіркелді. Ол алғашқы матчта Жаклин Кристианмен (Румыния) кездеседі. Румын атлеті әлем рейтингінде 61-орында тұр. Елена мен Жаклин осыған дейін 2 рет ойнаған. Әзірге таразы басы тең (1-1).

Рыбакинаның 2-кезеңдегі қарсыласы Наоми Осака (Жапония) немесе Анжелика Кербер (Германия) болмақ.

Ал Юлия Путинцева (әлемнің 30-ракеткасы) алғашқы кезеңде украиналық Марта Костюкпен кім мықтыны анықтайды. Бұл екі теннисші арасындағы алғашқы матч болады.

Еске сала кетейік, Токио Олимпиадасында Рыбакина жекелей сында қола медаль үшін ойында жеңіліп, 4-орында қалған.

Жекелей сынның толық жеребесі мынадай: 

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваның олимпиададағы қарсыластары анықталды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға