Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева US Open турнирін жеңіспен бастады
26.08.2025 13:39
Фото:
ҚР ҰОК
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында US Open-2025 ірі теннис турнирі басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) алғашқы айналымда әлемнің бірінші ракеткасы саналатын америкалық Джульетта Пареханы сенімді жеңді – 6:3, 6:0 есебімен. Екінші айналымда Елена Чехия өкілі Тереза Валентовамен (WTA рейтингінде 96-орын) кездеседі.
US Open турнирінің алғашқы айналымындағы тағы бір кездесуде қазақстандық Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 55-орын) Италиядан барған әлемнің 85-ракеткасы Элизабетта Коччареттодан 6:4, 7:6 (7:4) есебімен басым түсті. Енді Путинцева Нью-Йоркте ресейлік Анна Калинскаямен сынға түседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

