Елена Рыбакина Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты
Мөлдір Қайнар тілші
21.05.2025 11:58
Фото:
instagram.com
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Турнирдің екінші айналымында қазақстандық теннисші Қытай өкілі Ван Синьюймен кездесті.
Кездесу екі сетке созылды. Рыбакина жалпы есепте 6:1, 6:3 нәтижесімен жеңіске жетті.
Ширек финалда қазақстандық теннисші Польша спортшысы Магда Линеттпен кездеседі.

