Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Билли Джин Кинг кубогі (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңінің аясында елордада 14-15 сәуірде Польшамен өтетін матчқа қатысады.
Елена Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында топырақ төсенішіндегі кортта алдағы бәсекеге дайындықты бастады.
Ертең, 13 сәуір күні Қазақстан – Польша матчының жеребесі тартылады. 14 сәуірде жекелей сында екі ойын өтсе, 15-інде екі жекелей, бір жұптық кездесу жоспарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ораза кезінде қалай тамақтану керек?
Келесі жаңалық
Астанадан 54 мың текше метрден астам қар шығарылды