Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
18.05.2023 09:37
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында Рыбакина әлемнің үздік теннисшісімен ойнады.
Матчтың алғашқы сетінде Швентек 6:2 есебімен басым түссе, Рыбакина екінші сетте 7:6 есебімен тай-брейкте мықтылық танытты. Ал үшінші сетте есеп 2:2 болған. Алайда әлемнің бірінші ракеткасы жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты. Бұл кездесу 2 сағат 22 минутқа созылды.
Енді жартылай финалда Рыбакина аттасы латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

