Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы атанды. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) live рейтингінде Рыбакина жетіншіден алтыншы орынға көтерілді.
Бұған дейін дүниежүзілік рейтингте 4-сатыда тұрған Тунис өкілі Онс Жабер жарақатына байланысты Испания астанасы Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турниріне қатысудан бас тартты.
Мадрид жарысының өткен жылғы чемпионы О.Жабер биыл сол атағын қорғауға тиіс болатын. Сондықтан ол дода біткеннен кейін 1000 ұпайынан айырылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚДМ харассменттен қорғау саясатын бекіту туралы бұйрық шығарды