Жаңалықтар

Электрондық үкімет порталында жұмыс істемей тұрған 25 қызмет қалпына келтірілді

Электрондық үкімет порталында жұмыс істемей тұрған 25 қызмет қалпына келтірілді
Фото: api.smart.astana.kz 15.03.2023 16:06 938

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанында сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оның қызметін бюрократиядан арылту мәселелері жөнінде консультативтік сараптамалық топ құрылды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарының айтуынша сараптамалық топта мақұлданған ұсыныстар мемлекеттік органдарға шешім қабылдауға жіберіліпті.

«Сараптамалық топ мақұлдап, үкіметке жолданған  ұсыныстар әзірленіп жатқан цифрлық кодекстің жобасында ескерілетін болып шешілген. Сондай-ақ топтың ұсынысы бойынша электрондық үкімет порталында жұмыс істемей тұрған 25 қызмет қалпына келтірілді», деді спикер.

Талдау және мониторинг негізінде 21 орталық мемлекеттік органдарға және де «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-на бұзушылықтардың алдын алу және қызмет алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған 1200-ден астам ұсыныс жіберілген.

Ал ақпараттық жүйелердің жұмысына мониторинг жүргізіліп, оның қорытындылары премьер-министрдің атына енгізілген. Нәтижесінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі агенттік анықтаған кемшіліктерді жою жөнінде кешенді жоспар бекіткен.

«Жоспар порталда жұмыс істемей тұрған 25 электрондық қызметті қалпына келтіруді, 9 қызмет бойынша ақпараттық жүйелердің функционалын пысықтауды, 11 дерекқорды қалыптастыруды көздейді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әлі де мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көзделген комиссиялар мен келісу рәсімдерінің болуының орындылығы сияқты өзекті мәселелерді қарастыруы керек», деді Салауат Мүксімов.

Осыған дейін өткен жылы қазақстандықтарға 270 млн мемлекеттік қызмет көрсетілгенін хабарлаған болатынбыз.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға