Жаңалықтар

Электрондық сауданы дамыту салықтық түсімдерді екі есеге арттыруға мүмкіндік береді

Электрондық сауданы дамыту салықтық түсімдерді екі есеге арттыруға мүмкіндік береді
Фото: iStock 14.01.2025 11:25 249

Электрондық сауданы дамыту салықтық түсімдерді 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Цифрлық Қазақстан» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Денис Степанцев Үкімет отырысында Қазақстанда электрондық сауданы дамыту жөнінде ұсыныстар айтты.

Атап айтқанда, ол келесі шараларды ұсынды:

ШОБ үшін тауарларды әкелуді оңайлату:

  • Жалпы мөлшерлемені 15-22%-ға дейін төмендету.

Кедендік рәсімдерді оңайлату:

  • Сертификаттау процесін толық цифрландыру және кедендік құжат айналымын жеңілдету.
  • Тауарларды ресімдеу мерзімдерін қысқарту.

Жергілікті маркетплейстерді кедендік жүйелермен біріктіру:

  • Сауданы жеделдету және арзандату үшін процестерді автоматтандыру.

Шетелдік алаңдардан сатып алынатын тауарларды міндетті сертификаттауды енгізу:

  • Бұл өнімнің сапасын қамтамасыз етуге және тұтынушылар үшін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

Шетелдік платформаларда сатып алынатын тауарларға баж салығын енгізу:

  • Бұл қадам отандық бизнес пен шетелдік бәсекелестер үшін тең жағдай жасайды.

Спикер бұл шаралар салық түсімдерін 2 есеге – 2025 жылға қарай 626 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға, төрт жыл ішінде 500 мың жұмыс орнын ашуға, нарықтың ашықтығын жақсартуға мүмкіндік беретінін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға