Жаңалықтар

Электронды темекі обыр ауыруына шалдықтыруы мүмкін

Vaping
08.12.2016 06:07 5913

Электронды темекілер кәдімгі шылымды қоюға көмекші құрал ретінде көпшілікке таныстырылған болатын. Алайда бұл құрылғы адамдарға қатты ұнағаны соншалық, (әсіресе жастарға) «vaping» деген субмәдениет пайда болды.

 Электронды темекі обыр ауыруына шалдықтыруы мүмкін

«vaping» немесе вейпинг деп — АҚШ-та 2000-ші жылдары электронды темекілердің пайда болуынан туындаған шылым шегу процесін атайды. Олар түтінді будақтату арқылы түрлі формалар жасайды.

Жоғарыда айтып өткендей, вейпинг АҚШ-та пайда болып, енді онымен күресуді де сол Америка ғалымдары бастады. Environmental Science & Technology ғылыми журналында олар «Электронды темекілер обыр ауыруына шалдықтыруы мүмкін» деген болжам жасады.

Ғалымдар ұзақ уақыт электронды темекілерден бөлінетін түтіннің құрамын зерттей келе, оның құрамында альдегид деген органикалық қосындылардың шамадан тыс екенін анықтаған.

Альдегид қарапайым тілмен айтсақ — сутегі бөлінген спирт.

Осыған дейін бұл ғылыми топ электронды темекі шегетін жасөспірімдер уақыт өте келе шылымға әуестенетінін айтқан болатын. 


Алмас САУДАМБАЙ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға