Жаңалықтар

Электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық ізденісін арттыру

Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңесшілігіне енуге бағыт алуда.
09.02.2016 12:27 8286

Алматы облысы, Алакөл ауданы, №2 Қабанбай орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Мейрамгүл Жақашева

Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңесшілігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр; білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда.

Осы жаңа мазмұнның басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Бұл бағыт жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дистанциялық оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды  оқушылардың шығармашылығын дамытуды көздейді.

Осы орайда бүгінгі күні дидактикалық «нені оқытамыз?», «не үшін оқытамыз?», «қалай оқытамыз?» деген дәстүрлі сұрақтармен қоса «Қалай тиімді оқытуға болады?» деген мәселе әдіскерлер мен мектеп мұғалімдерін толғандырып  келеді.Мұғалімнің әр сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай болып келуі қажет әр сабағы  ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім- тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуына, оқушының шығармашылығын дамытуға электронды оқулықтардың көмегі өте зор .

Электронды оқулықтың автоматтырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі Сонымен бірге электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдайтың жаңа құралы болып табылады.Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі.  

Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:

- шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;

- дәстүрлі оқулықта көп іздеуді  қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;

- гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет  қарап шығу барысында уақытты  анағурлым үнемдеуге мүмкіндік береді;

- қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді,әңгімелейді, жобалайды,т.т.с.

- (мультимедия- технологияның мүмкіндігімен мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді;)

- әрбір оқушыға дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп  олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;

- белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге  мүмкіндік туады.

 Е – кітапханасы мен электронды оқулықтардың  жетістіктерін пайдалана отырып оқушылардың шығармашылығын  дамыту тиімді болып табылады.

Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылығын дамытып белсенділікке ынталандырады. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудін кез-келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын  қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Әр сабаққа арналған бейне көрініс электронды оқулықта бар. Бұл электрондық оқулық сыныпқа сабақ бергенде өте тиімді, мұғалім көп ізденбей, дайын сабақтарды өз жұмысында пайдалануға толық мүмкіншілігі бар. Әсіресе, алгоритм, логика, интернетке шығу, сайт құру, модуль тапсырма, тест бейнефильм.

Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады, заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрапаққа білім беру жолындағы ортақ міндетте өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік – жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға