Жаңалықтар

Электр энергиясын өндірудің шекті тарифтері қайта қаралды

Қазақстанда энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінің орташа өсуі 10-12% (9,9%) деңгейінде болжануда
Электр энергиясын өндірудің шекті тарифтері қайта қаралды
Фото: Pexel.com 16.08.2022 13:41 1025

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz

Энергия өндіруші ұйымдардың (бұдан әрі - ЭӨҰ) шекті тарифтерінің қазіргі деңгейі ЭӨҰ шығындарын толық көлемде жаппайды. 

- Шекті тариф жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында тиісті өңірлер бойынша станция қызметкерлерінің жалақы деңгейін орташа деңгейге дейін жеткізуді де ескереді, - деп атап өтті Нұрмағанбетов. 

Сәуір айында 47 энергия өндіруші ұйымның 26-сынан топтар бойынша шекті тарифтерді түзетуге өтінімдер берілді. Оларды қарау кезінде министрлік әрбір жағдай бойынша жеке тәсіл қолданды. Уақтылы шешімді талап ететін өтінімдер назарға алынды. 

Тарифтерді түзету «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің ағымдағы жылғы 30 маусымдағы бұйрығымен жүргізілді, ол 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Бұл ретте, Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің батыс аймағынан басқа Қазақстанның барлық өңірлері бойынша электр энергиясын өткізетін Екібастұз ГРЭС-1-дің шекті тарифі өзгеріссіз қалды. 47 энергия өндіруші ұйымның 21-сі бойынша тариф бұрынғы деңгейде сақталды.

Бұдан басқа, электр энергиясына шекті тарифтерді қайта қарау 47 энергия өндіруші ұйымның өндірістік персоналының шамамен 30 мың жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға