Елдос Сметовтың өмірлік ұстанымдары
10.05.2017 10:27
6628
Біздің дерек: Елдос Сметов (60 келі). Дзюдодан Қазақстан құрамасы
Туған жылы: 9 қыркүйек 1992 жыл
Туған жері: Жамбыл облысы, Луговой селосы
Бапкері: Ахмет Жұмағұлов
Жетістіктері: Рио де Жанейрода өткен ХХХІ жазғы Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы (Астана, 2015 жыл), Жастар арасындағы Әлем Чемпионы (2010 жыл), Азия Чемпионы (Ташкент, 2016 жыл), Халықаралық «Grand Prix» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, Жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бангкок, 2013 жыл), Азия ойындарының жеңімпазы (Инчхон, 2014 жыл)
Әлемдік рейтингтегі орны: 1
- Өзім бес жасымда дзюдоға бардым. Содан бері осы күреспен айналысып келемін.
- Өзіме осы спорт ұнайды. Өзіңе ұнайтын ісің болса, бәріне жетуге болады. Ең бастысы алдына мақсат қоя білу керек деп ойлаймын.
- Жапондықтармен жекпе-жекке шығу мен үшін ауырлау. Бірақ бұл мен қорқып отыр дегенді білдірмейді. Ешқашан да қорыққан емеспін. Тек, Күншығыс елінің спортшылары үнемі алдымды орап кетеді.
- Меніңше, кез келген спортшының басты қарсыласы — өзі. Сондықтан, алдымен өзіңді жеңгенің дұрыс.
- Өз жанкүйерлеріміздің алдында тек жеңіске жету үшін белдестім.
- Мен біреуге баға беретіндей дәрежеге әлі жеткен жоқпын.
- Қазір әлемде жақсы дзюдошылар көп. Спорттың осы түрімен көп адамдар айналысады. Дзюдо көп елдерде дамыған. Сондықтан бәсекелестер әрине, болады. Мен күресуге дайынмын.
- Рио төрінде қазақ елінің атын аспандатып, Әнұранымызды шырқатсам деп едім. Бірақ, финалда болмай қалды… Бәрі Алланың қалауымен ғой. Күпір етпей, шүкір ету керек. Ендігі менің мақсатым — осы күміс медальді алтынға ауыстыру.
- Рио тұғырында өткен марапаттау сәтінде ендігі жолы мойныма қалайда алтын медаль тағылуы керек екенін іштей айтып, қатты толқып тұрдым. Мұны жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар деп білемін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Соғыстың сызын сезінген ардагерлер