Жаңалықтар

Елдос Сметов - Париж Олимпиадасының чемпионы

Елдос Сметов - Париж Олимпиадасының чемпионы
Фото: ҚР ҰОК 27.07.2024 21:42 663

Елдос Сметов дзюдодан еліміздің тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

60 келі салмақта белдескен қазақстандық спортшы финалда кілем қожайыны франциялық Лука Мхелидзені жеңіп, спорттық мансабындағы үшінші олимпиадасында алтын жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, осыған дейін Елдос 2016 жылы күміс, 2020 жылы қола жүлде еншілеген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға