Жаңалықтар

Елдос Сметов өзін және отбасын сынап жатқандарға жауап берді

Елдос Сметов өзін және отбасын сынап жатқандарға жауап берді
Фото: Алматы қаласы әкімдігі 12.08.2024 05:29 1527

Париж Олимпиадасында дзюдодан алтын жүлде иеленген Елдос Сметов өзін сынап жатқан халыққа жауабын берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сметов чемпион болғаннан кейін ешқандай сын-пікір болмайды деп ойлағанын жеткізді. 

Әлеуметтік желіге қарамайын десем де, әйтеуір бір қарап қоямын. Қазір олимпиада чемпионы болдым. Чемпион болғаннан кейін ештеңе жазылмайтын шығар деп ойладым. Бірақ әлі жазып жатыр екен. Менің жүріс тұрысым, келіншегім артымда келе жатыр ма, алдым да келе жатыр ма, анам жанымда келе жатыр ма әйтеуір көп нәрсе жазылыпты. Енді ел алдына қалай шығайын, өзімнің жеке басымның қуанышы, – деді Елдос Сметов. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға