afm_rk

Елдос Қоспаевтың қылмыстық тобына іздеу жарияланды

09.01.2023 13:11

Қаржылық мониторинг агенттігі Елдос Қоспаевтың үйлестіруімен рейдерлік әрекет жасады деген күдікке ілінген ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесіне іздеу жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік хабарлағандай, Елдос пен Айдос Қоспаевтар, Ерлан Имашев, Руслан Шалин, Оксана Кудряшова және Алексей Кузнецов тергеуден жасырынып жүр.

Елдос Қоспаевтың қылмыстық тобына іздеу жарияланды

Айта кетсек, қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы күш қолдану және қорқыту арқылы алматылық кәсіпкерлердің мүлкін, серіктестіктердегі үлестерін тартып алып, көлеңкелі кәсіпкерлікпен айналысып келген.

«Іздеудегі адамдар жөнінде ақпараты бар адамдарды ҚМА сенім телефонына хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 708-478, 8 (727) 279-29-56», делінген ҚМА хабарламасында.