Жаңалықтар

Елдос ерледі - Ермек Маржықпаев

Елдос ерледі - Ермек Маржықпаев
Фото: ҚР ҰОК 27.07.2024 23:34 757

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 кг) Олимпиада чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақ палуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, Елдос Сметов олимп шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен қашап жазды.

Тараздық татами шебері осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында финалға шыққанымен қарсыласына есе жіберіп, күміспен күптелген. Ал Токиодағы ойындарда Торнике Чкадуаны жығып, үздік үштікті түйіндеген. Ал бүгін Елдос өміріндегі басты белдесуде бар шеберлігін паш етті.

Елдос ерледі, ағайын! Балуанымыз Париж Олимпиадасының алғашқы алтын жүлдесін сыйға тартып, бәрімізді қуанышқа бөледі. Құтты болсын! Естеріңізде болса, 2019 жылы Парижде өткенде Grand Slam жарысында Елдос күміспен күптелген еді. Балуанымыз бүгін де өз мықтылығын дәлелдеп, Париж төрінде екінші рет жүлде алды. Елдосты бүгінгі жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Ол бұған дейін Рио және Токио Олимпиадаларындада жүлдегер атанған еді. Жеңісті жолды бұл жолы да жалғастырды. Бүгін дзюдошылардың өнерін арнайы барып көрдім. Оңай болған жоқ. Олимпиадаға осал спортшы келмейді. Жарыстың алғашқы күніндегі жүлде өзге де олимпиадашыларымызға жұғысты, жеңіс жалғасты болғай, – деді Ермек Маржықпаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға