Жаңалықтар

Елдің бәрі жарыма соғыс ашса, Төреғалиге оғын алып беруге дайынмын - әйелі

Елдің бәрі жарыма соғыс ашса, Төреғалиге оғын алып беруге дайынмын - әйелі
Фото: Instagram/tolkynturarbekkyzy2021 29.06.2023 10:12 10175

Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желіде даулы мәселеге қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Істі болған жұлдыздың келіншегі жан сырын желідегі оқырманына ақтарған.

«Бүкіл әлем менің жарыма қарсы соғыс ашса, мен оның артында тұрып, оғын алып беремін» деген сөздер, менің жүрегімде жатталып қалғандай… Иә, бүкіл әлем сенің жарыңа қарсы болғанда, сезімдер тым бөлек. Бірақ Алла мені бұл сынаққа да дайындаған екен. Бұрынғы Толқын, етегі жасқа толып, миллиондаған даттауларға жүрегі жарылып, өзін қоярға жер таппай жылар еді. Ал қазір менің жүрегімдегі мейірім мен Аллаға деген сенім бұның бәрінен үстем болып тұр. Сағыңды сындармай, өзгелердің алдында иілдірмейтін Аллаға сансыз шүкірлер. Жарыңнан артық кімің бар?, - дейді Толқын Тұрарбекқызы.

Ол бұл күндер – отбасы атты құндылықтың шексіз нығмет екенін терең түсіндіре түсті деп айтты.

Себебі жарымды одан да қатты бағалауды үйрендім. Адамдар қанағат дегенді білмейміз. Тіпті, жарымның дауысын естіп жүруім – ол да Алланың нығметі екенін сезінбеппін… Алла қосқан жан-жарыма айтылған әрбір сөздің менің жанымды да жаралап, қанжардай қадалып, жарамды тілімдей бергені рас..., - деп жазды Төреғалидың әйелі.

14 маусым күні танымал әнші Төреғали Төреәлі есірткіге мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілікке жауапкершілікке тартылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға