Жаңалықтар

Елді мекендерді су басу қаупі жоқ - Үкімет

Елді мекендерді су басу қаупі жоқ - Үкімет
Фото: sn.kz 07.03.2023 20:43 737

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте Ақтөбе, Атырау және Қызылорда облыстарының әкімдері орынбасарларының қатысуымен осы өңірлердегі су тасқынына қарсы жедел әрекет ету шаралары талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кеңес барысында 7 наурызда Ақтөбе, Атырау және Қызылорда облыстарында ауа температурасының күрт көтеріліп, қардың еруіне және жауын-шашынның мол түсуіне байланысты облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды қарғын су шайып өткені туралы хабардар етілді.

Әкімдіктер шұғыл түрде жолдарды нығайту, су ағынын жайылымдық жерлерге қарай бұру бойынша қажетті шараларды қабылдады. Бұған ТЖД қызметтерінің күштері мен техникасы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта жергілікті жерлерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

Қалған өңірлердегі су тасқыны ахуалының мониторингі – Үкіметтің бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға