Елдегі қарттар мен балалардың үлесі 42%-дан асты
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
23.05.2023 13:36
851
Қазақстанда қарттар мен балалардың үлесі 42%-дан асты, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Finprom.kz порталының мәліметінше, Қазақстанда қарттар мен балалардың үлесі 42 пайыздан асты. Бұған соңғы жылдардағы беби-бум мен халықтың қартаюы әсер етті.
Былтыр жыл соңында "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ сарапшылары ұзақ мерзімді демографиялық жасаған. Бұл құжатта сарапшылар 2050 жылға дейін халық санының өсуінің үш ықтимал сценарийін есептеді - базалық, оптимистік және пессимистік. Барлық үш даму сценарийі бойынша Қазақстандағы демографиялық жүктеме жоғары деңгейде қалады. Соңғы бес жылда Қазақстанда демографиялық жүктеме айтарлықтай өсті. Еліміздегі еңбекке жарамды әрбір мың азаматқа 740 қарт пен баладан келеді.
Егер, 2018 жылдан бергі демографиялық жүктеменің басты индикаторының эволюциясын қадағаласақ, көрсеткіштің жыл сайын тұрақты өсіп келе жатқанын байқау қиын емес. Бес жыл бұрын коэффициент 687 деңгейде, яғни осы жылға қарағанда 53-ке төмен болатын.
Туу мен қайтыс болудың қазіргі өсу үрдістерін ескере отырып, яғни базалық сценарий бойынша жалпы тәуелділік коэффициенті алдымен төмендейді: 2025 жылға қарай — 712-ге, 2035 жылға қарай — 681-ге дейін. Болашақта өсімді күтуге болады. Ал 2050 жылға қарай жұмыс істейтін мың адамға шаққанда 773 тәуелді адам болмақ.
Жалпы, Қазақстанда қарттар мен балалардың үлесі 42%-дан асып кетті. Бұған соңғы жылдардағы беби-бум және халықтың қартаюы ықпал етті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
IBA жеті елдің бокс федерациясын құрамынан шығарды
Келесі жаңалық
Каспийдегі итбалықтардың қырылуы: шығын көлемі анықталды