Жаңалықтар

Елдегі егіннің 40 пайызға жуығы жиналды - АШМ

Бұған қоса, егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін АШТӨ-ге 423,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.
Елдегі егіннің 40 пайызға жуығы жиналды - АШМ
Фото: ашық дереккөзден 01.09.2022 23:59 1505

Егін жинау науқаны басталғаннан бері қазақстандық шаруалар 6,1 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинап үлгерді, бұл жоспардың 38% астамын құрайды, деп хабарлайды EL.KZ АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12,3 ц/га орташа өнімділік кезінде 7,5 млн тонна астық бастырылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 2,5 млн тоннаға артық (2021 жылы осындай күнге 5,1 млн тонна бастырылған болатын).

Биылғы жылы өнімділіктің өсуіне қолайлы ауа-райы жағдайлары, сондай-ақ көктемгі дала жұмыстары кезінде агротехникалық шаралар кешенін уақтылы жүргізілуі және өсімдіктердің өсіп-өну кезеңінде қолайлы фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету ықпал етті.

Ішкі тұтыну мен қазақстандық нарықты қамтамасыз етуге және бидайдың бір бөлігін экспортқа жөнелту үшін астықтың жеткілікті көлемі алынады деп болжанып отыр.

Қаржыландыруға келетін болсақ, 2022 жылы бюджеттік кредит 140 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 2 есе жоғары. Астықты форвардтық сатып алу шеңберінде қаржыландыру 100 млрд теңгеге дейін көбейтілді немесе бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,5 есе артты.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында «Жасыл даму» АҚ қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелеу тетігі пысықталғанын атап өту қажет. Жеңілдікті лизингке шамамен 40 млрд теңге бөлінді. 

Бұған қоса, егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін АШТӨ-ге 423,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинау жұмыстарын табысты жүргізу мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр. Ол үшін ведомствода барлық туындаған проблемалық мәселелерді уақтылы шешуге арналған жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға