Жаңалықтар

Эльбрус шыңын бағындырған қазақстандық альпинист жетістігін Салтанатқа арнады

Эльбрус шыңын бағындырған қазақстандық альпинист жетістігін Салтанатқа арнады
Фото: instagram.com/sapfirakanaeva 14.05.2024 13:21 669

Қазақстандық альпинист Сапфира Қанаева 5642 метр биіктікте орналасқан Эльбрус шыңын бағындырған жетістігін марқұм Салтанат Нүкенованың рухына арнады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол 3 мамырда таңертең тәжірибелі альпинистермен бірге Эльбрус шыңына жол тартып, бірнеше сағаттан соң діттеген жеріне жеткен еді.

Салтанат мен үшін тек шабыт болған жоқ. Тау шыңына көтерілу идеясы маған Кабардин-Балқардағы Теріскөлде жүргенімде келді. Онда мен Еуропаның ең биік нүктесі – Эльбрусқа шығып, жеңісті Салтанатқа арнауды жоспарладым. Бойжеткеннің қайғылы өлімінің оқиғасы көптеген адамның жүрегін елжіретті. Соның ішінде мен де бармын. Мен бірдеңе істеп, тауларды жылжытып, әділдікті қалпына келтіргім келді, - деп бөлісті ол.

Еске салайық, Сапфира Қанаева «Жеті құрлықтың жеті шыңын» бағындырған тұңғыш қазақ әйелі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға