Жаңалықтар

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ СТЕПНОГОРСК ҚОЛӨНЕРШІЛЕРІНІҢ КӨЗІМЕН

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ СТЕПНОГОРСК ҚОЛӨНЕРШІЛЕРІНІҢ КӨЗІМЕН
23.10.2018 03:38 2638

Степногорск қаласында қолөнер шеберлерінің туындылары, кітап және музыкалық аспаптар көрмелері ұйымдастырылып өткізіліді. 

Степногорск қаласының орталық қалалық кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауын насихаттауға арналған кітап көрмесі ашылды. Көрме тақырыбы: "Біздің тағдырымыз - ел тағдыры" деп аталды.

2019-ші жылда ел дамуының басты бағдарларын айқындап берген Жолдаудың ең негізгі тармақтарын халыққа түсіндіру және насихаттау мақсатында газет-жорналдар мен интернет-ресурстарға шоғырланған материалдарға жан-жақты библиографикалық шолу жасалынған.

Сонымен қатар "Степногорск қаласының орталық қалалық кітапханасында "Қазақ даласының барлық сырлары" атты қолөнер шеберлерінің көрмесі өз жұмысын бастады. Оған Қазақстан қолөнер шеберлері туралы толымды мағлұмат беретін кітаптар жинақталыпты.

Бұдан бөлек, халықтық музыкалық аспаптар қойылған. Ең бастысы, степногорлік шеберлердің шығармашылығынан сыр шертетін, олардың халыққа деген зор ықыласын білдіретін туындылары осы көрмеге қойылған екен.

Асан ҚАЛИАХМЕТ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға