Жаңалықтар

Елбасы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар бекітілді

Елбасы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар бекітілді
23.10.2018 09:46 1585

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауды іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар туралы Жарлыққа қол қойды. 

Ақорданың ресми сайтында Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлығы жарияланды.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етсiн;

2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

inform.kz 

 

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға