Елбасы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

01.03.2017 16:42

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады. Ұлт көшбасшысының құттықтау сөзін Қазақстан Халқы ассамблеясының форумы барысында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова жеткізді, деп хабарлайды BNews.kz. 

«Алғыс айту күні – бұл мемлекеттік және қоғамдық күнтізбеде пайда болғанына көп болмаған ерекше күн. Алайда, бұл мерекенің шын мәнінде тарихи маңызы зор. Ол ең құнды адамгершілік қасиеттер –  қайырымдылық, рақымшылық, өзара жәрдемдесу көрініс тапқан сол бір қиын кезеңдерді еске түсіреді... Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге отбасылық бақыт, береке-бірлік, достық пен табыс тілеймін!», - деген тілек білдірді Елбасы құттықтау сөзінде.