Елбасы қабылдаған маңызды шешімдер
САБИНА КӘКІМЖАН
Елбасы қабылдаған маңызды шешімдер
САБИНА КӘКІМЖАН
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Осыдан 28 жыл бұрын тәуелсіз Қазақ елінде бірінші жалпыхалықтық сайлау өтіп, онда басым дауыспен Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жеткен болатын. Сол күннен бастап Қазақстанның әлем таныған көшбасшы елдердің қатарына енуі жолында атқарылған жұмыстардың басым бөлігі елбасымыздың есімімен байланысты екені рас. Соған орай біз Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақ елінің егемендігі мен бірлігін, татулығы мен ынтымағын қамтамасыз еткен маңызды шешімдері жайында айтатын боламыз.
Маржан Мырзабекова, - ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы кітапханасы экскурсия бөлімінің аға-сарапшысы
Тұңғыш Президент жасаған ең маңызды шешімдердің алғашқысы – Семей полигонының жабылуы. Осыған байланысыты, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Н.Назарбаев – жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы» атты арнайы экспозиция ашылған болатын.
1947 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысында Семей ядролық сынақ полигоны құрылады. Мұнда 1949-1989 жылдар аралығында 500-ге жуық ядролық жарылыс өтеді. Оның 397-і жер астында болса, 90-ы әуеде, қалғаны жер үстінде болған. Нәтижесінде мыңдаған адамдардың денсаулығы мен өміріне нұқсан келтірілді. Бұл экспозициялардың ішінен осы аумақта ядролық жарылыстан зардап шеккен адамдардың бейнелерін көруге болады.

Өздеріңіз байқағандай, қазақ даласы қаншама үлкен трагедияны бастан кешті. Осы трагедияның алдын-алу мақсатында елбасы 1989 жылы наурызда Семей өңіріндегі экологиялық жағдайды бақылау бойынша арнайы республикалық комиссия құрады. Ел мен егемендіктің тағдыры таразыға тартылған шақта Елбасымыз 1991 жылы 29 тамызда сынақ полигонын жабу туралы Жарлық шығарады. Мұндай шешімнің өзі Елбасының ерлігін күллі елге паш еткізді. Ал кейіннен әлем мойындаған бастамаға ұласты. Бұл расымен де Нұрсұлтан Әбішұлының еліміздің тәуелсіздігін баянды ету жолындағы тарихи шешімі болды.
Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Семей Ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлығы
Алматы, 1991 жыл
Алматы, 1991 жыл
Улы радиация жылдам тараған Семей сынақ полигонының жалпы аумағы 18500 шаршы метрді құрайды. Бұл аумаққа Словения мен Израиль мемлекеттері сыйып кетеді екен. Осыншама жерді алып жатқан апаттың алдын-алу лидердің, басшының қолынан келді. Сонымен қоса, келесі экранда ядролық жарылыстар болған елдер көрсетілген.
Маржан Мырзабекова
ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы кітапханасы экскурсия бөлімінің аға-сарапшысы
Биыл Семей полигонында алғашқы ядролық сынақтың өткізілгеніне 70 жыл толып отыр. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бүкіл ядролық қаруларды өз жерінен шығарып тастап, оны жабу жайындағы елбасының шешімі – бүгінде бүкіл әлем тарапынан үлкен құрметке ие және өзге елдерге үлгі.
БҰҰ Бас ассамблеясының жалпы дебатында сөз сөйлеу сәті
Тәуелсіздігін алған жылдары Алаш жұрты төрткүл дүниеге аты мәшһүр болмаса да, алыс-жақын мемлекеттермен саяси-ынтымақтастықта, тату әрі бауырластықта қарым-қатынас ұстайтынын алғашқы күндерден бастап байқатты. Әсіресе, Қазақстанның Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болуы айрықша есте қаларлық датаға айналды.
Қазақ елі егемендігін алғаннан кейін шамамен төрт айдан соң 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясы Қазақстанды мүше етіп қабылдаған болатын.

«Болашақ» бағдарламасы
Ел егемендігін алған алғашқы жылдары Қазақстан білікті кадрларды дайындау жұмыстарын қолға алды. Осылайша 1993 жылы 5 қарашасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Болашақ» Халықаралық стипендиясын тағайындау туралы қаулы шығарады. Бұл бағдарлама қазақстандық жастарға әлемнің түкпір-түкпірінде білім алуға мүмкіндік ашты. «Болашақ» стипендиясымен білім алған түлектердің мансаптық жолында табысты өсуі мен кәсіби тұрғыдан жетілуіне көп септігін тигізді.
Ал 1997 жылы 3 наурызындағы №3375 Жарлығымен бекітілген бағдарлама ережесіне бірнеше өзгерістер енгізілді. Олардың бастысы шет елде оқуын аяқтап келген түлектер еліміздің мемлекеттік органдарында және ұйымдарына жұмысқа орналастыру көзделді.
Жалпы 1994-1997 жылдар аралығында стипендия көбінесе еліміздің жоғары оқу орындарының экономикалық және гумантитарлық факультеттерін бітірген түлектерге тағайындалды. Ал техникалық факультеттерден бағдарлама қатысушылар аз болған.
Миллиондаған жастарға қанат бітірген бұл бағдарлама іске асырылған алғашқы жылдары стипендия иегерлері АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция сынды тек төрт елде ғана білім алған. Кейінгі жылдары Қазақстанның шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың дамуына қатысты оқу елдері біртіндеп көбейе бастаған.
Алғашқы онжылдықта яғни, 1994-2004 жылдары әлемнің 13 елінде білім алу үшін 780 стипендия тағайындалыпты. Ал келесі жылы Н.Назарбав өзінің Жолдауында жыл сайын 3000 қазақстандыққа әлемнің ең озық әрі жетекші оқу орындарында білім алу мүмкіндігін беру қажеттілігі туралы жариялаған болатын.
Бағдарлама түлектеріне елге қайтқан соң шамамен бес жыл қызмет ету үшін міндеттейтін шарттық база әзірлеу қолға алынды. Сонымен қоса, стипендия иегерлері Қытай, Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея елдеріндегі университеттерде білім ала бастады.
Жалпы бұл бағдарлама әлемнің оқу орындарында магистратура мен докторантура бойынша білім алуды және ғылыми-өндірістік тәжірибелерден өтуді қамтиды.
Осы уақытқа дейін бұл бағдарлама бойынша 13 мыңнан астам қазақстандық әлемнің озық мемлекеттерінде білім алып қайтты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
Елбасының Тәуелсіздік алғаннан кейінгі маңызды шешімдерінің бірі бұл 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы. Бұл - елімізде мекендеген түрлі ұлт диаспоралары мен этнос өкілдерінің басын біріктіріп, ел ішіндегі бірліктің, татулықтың моделін қалыптастырған ұйым. Бүгінде елімізде 130-дан астам этнос өкілдері тұрады.

Елбасы және елорда
1997 жылы 20 қазанындағы Елбасының жарлығымен Сарыарқаның сайын даласында сәулеті мен дәулеті келіскен жаңа Елорда бой көтерді. Жарлық Міне содан бері арада қаншма жылдар өтті. Еліміздің астанасы тек аты ғана емес, заты да адам танымастай өзгерді. Өйткені бас қала – толассыз даму, өзгеріс үстінде. Мұндай жаңа бастамалардың ұйытқысы да, дем берушісі де, сәулетшісі де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екенін айта кеткен жөн.
Қысқа ғана уақытта жас қала байтақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің қуатты локомотиві рөлін атқарып, халықтың қолайлы мекеніне айналып үлгерді.
Бас қалада бой көтерген «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Хан Шатыр» -ойын-сауық және сауда-саттық орталығы, «Ақорда» резиденциясы, «Нұрсая» тұрғын үй кешені, «Изумрудный квартал» кешені, «Тәуелсіздік Сарайы» және тағы басқа ғимараттарға қазақстандықтармен қоса, шетелдік меймандардың өздері таңдай қағып жатады. Ең бастысы елорданың төрінде орналасқан «Бәйтерек» монументі жас қаламыздың басты символына, бойтұмарына айналды.
Елорда республиканың бүкіл өңірін өркендететін якорьға айналды. Сонымен қоса, барша қазақстандықтарды бірлікке, ынтымаққа жетелейтін ұлттық идеяға ұласты.
Төмендегі суреттерде елбасының 1997 жылы Ақмола қаласының айналасын әуеден шолу кезіндегі, Ақмола құрылысының алғашқы жоспарын қарау сәттерінің фотолары көрсетілген.

Жоғарыдағы видеоларда Нұрсұлтан Назарбаев елорданы қандай жоспарға сүйене отырып, негізін қалағаны жайында айтады.
Видеолар Ақорданың инстаграмдағы парақшасынан алынды

Дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі
Еліміз тәуелсіздігінің арқасында аз уақытта көп биікті бағындырды. Ел тізгінін ұстаған елбасымыздың маңызды бастамаларының бірі - дәстүрлі дін басшыларының әр үш жыл сайын елімізде жиналып, пікір алмасу алаңына айналуы. 2003 жылдан бастап Қазақстанда дәстүрлі діндер съезі өткізіліп келеді. Соңғы рет 2018 жылы болған съезге 40-қа жуық елден 80-нен астам конфессия өкілдері қатысқан. Төмендегі видеода сол съезден елбасының сөйлеген сөзінен үзінді көрсетілген.
Видео Ақорданың инстаграм парақшасынан алынды.

ШЫҰ мерейтойлық Саммитінде Астана декларациясына қол қойды.
Астана қ, Тәуелсіздік Сарайы 15.06.2011 ж

Дипломатиялық қарым-қатынастар
Елбасы мемлекет басшысы болған күннен бастап республиканың ішкі және сыртқы дамуында маңызды шешімдер қабылдады. Сонымен қоса, тарихи оқиғалардың куәсі болдық. Сол күннен бастап Қазақстанның сыртқы саясатын орнату басты міндеттерінің біріне айналды. Нұрсұлтан Назарбаев қысқа мерзім ішінде көптеген елдермен берік қарым-қатынас орнатып, әлемдік қауымдастыққа еніп, елімізді бейбіт сүйгіш, демократиялық, құқықтық ел ретінде таныта білді.
Ұлыбританияның Премьер-министрі болған Маргарет Тэтчер «Әлемдік саясатта бес-алты ірі саясаткер болса, соның бірі Нұрсұлтан Назарбаев» - деп үлкен бағасын берген болатын.
Қазіргі кезде Қазақстан көптеген ұйымдарға мүше және 200-ден астам мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас ұстанады. Сонымен қатар, түрлі әлемдік деңгейдегі ұйымдарға төрағалық етті. Бұның бәрі ел экономикасының жаңа арнаға бұрылғанын айғақтайды.

Бірінші видеода Елбасы Шанхай Ынтымақтастық ұйымы қалай құрылғаны жайында әңгімелейді.
Екінші видеодан Қазақстан-АҚШ арасындағы келіссөздер қалай басталғанын көре аласыздар.
Видеолар Ақорданың инстаграмдағы парақшасынан алынды
Екінші видеодан Қазақстан-АҚШ арасындағы келіссөздер қалай басталғанын көре аласыздар.
Видеолар Ақорданың инстаграмдағы парақшасынан алынды
Шырайлы Шымкент – республикалық маңызы бар қала
2018 жылы 19 маусымында Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қаулыға қол қойды. Бұл қаулы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент қаласы республикалық маңызды бар қалалардың қатарына қосылды. Ал облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілді. Енді бұл өңір Түркістан облысы деп аталады.
Елбасының осындай шешім қабылдауына келесідей фактілер әсер еткен. Қазақстанның оңтүстік өңірі тұрғыдарының саны бойынша елде алғашқы орында көш бастап тұр. Өйткені, күнгей аймақта миллионнан астам халық бар. Статистикаға сүйенсек, еліміздегі әрбір төртінші нәресте осы қалада дүниеге келеді. Соңғы 4-5 жылда облыс жұртының саны жеті пайызға өскен. Өңірде өмір сүрген халықтың саны артқан сайын қала да жандана түскен. Мәселен, 1991 жылы тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қаланың аумағы 13 мың гектарды қамтыса, бүгінде 117 мың гектардан асады екен. Сонымен қоса, оңтүстік өңір - түрлі ұлт пен ұлыстың мекені. Қазіргі кезде мұнда 100-ден аса өзге ұлт өкілі бейбіт өмір сүріп келеді. Осы және басқа да дәйектерді ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаев қалаға республикалық мәртебе беру жөнінде шешім қабылдаған.

Нұрсұлтан Әбішұлы – көреген көшбасшы, сарабдал саясаткер, дарынды реформатор. Тұңғыш Президенттің бастамалары мен шешімдері әлемдік деңгейде маңызды орын алып жатыр. Егемен еліміздің іргесін қалап, шекарасын бекітіп, келешекке бағыт-бағдарын айқындап беруде Елбасының Қазақстан халқы алдындағы еткен еңбегі ұшан-теңіз.
«Тәуелділіктен арылып, тәуелсіздікпен қауышқан тұста, ызы-қиқы кезеңде мен Нұрсұлтан Назарбаевтың елді апатқа ұшыратып алмай, аман алып шығудың айла-әрекеттерін іздеп шарқ ұрған, елі үшін төсегінен түңіліп, түн ұйқысын төрт бөлген мазасыз күндерінің, ұйқысыз түндерінің куәсі болған, жан тебіренісін де, күйзелісін де көрген адаммын».
Мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков

Елбасының бастамалары мен тарихи шешімдерінің нәтижесінде елімізде ірі-ірі әлемдік деңгейде саяси-экономикалық, мәдени-рухани және спорттық шаралар өткізіліп келеді. Бұлардың қатарына Еуропадағы Қауіпсідік және ынтымақтастық ұйымының саммиті, VII Қысқы Азиада ойындары, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі және өзге де көптеген шаралар елімізде ұйымдастырылды. Сонымен қоса, Сирия келіссөздері, «Астана» экономикалық форумы және басқалары дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бас қала – әлемдік деңгейдегі ірі-ірі шаралардың бастамашысы. Осылайша оның татулық пен бірлікті айшықтайтын келбеті де қалыптасып келеді.