Ел велоспортшылары Азия чемпионатында алтын мен күміс медаль алды
13.06.2023 23:48
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Таиландтың Районг қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатының шешуші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Санаулы сәттер бұрын ерлер арасындағы 156 шақырым болатын топтық жарыста Ұлттық құрама спортшылары қос жүлде жеңіп алды. Отандасымыз Глеб Брусенский мәре сызығын бірінші болып кесіп өтсе, тәжірибелі Евгений Гидич күміс медальге қол жеткізді. Ал үздік үштікті жапониялық велошабандоз Юкия Араширо түйіндеді.
Бір апта бойы Районгта сары құрлықтағы 27 елінен келген 700-ге жуық велошабандоз ересектер арасындағы 42-ші, жастар арасындағы 29-шы, 11-ші пара Азия чемпионатында сынға түсіп жатыр. Мұнда Париж Олимпиадасына қажет рейтинг ұпайлары сарапқа салынады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

