Ел тұрғындары баспана алу және емделу бойынша 3,7 триллион теңге зейнетақы жинағын жұмсады
25.10.2023 17:50
Биылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша қазақстандықтардың тұрғын үй сатып алу және емделу туралы 1,9 миллионға жуық өтініші мақұлданып, арнайы шоттарға 3,7 триллион теңгеге жуық қаражат аударылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Оның ішінде 1,4 миллион өтініш тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы жинағын пайдалануды қамтыды.
Сондай-ақ БЖЗҚ емделуді қарастыратын 391,79 миллиард теңгеге 457 513 өтінішті мақұлдады. Алынған орташа сома шамамен 0,86 миллион теңгені құрайды. Қазақстандықтар жолдаған өтініштердің 96%-дан астамы стоматологиялық қызмет алуды, 2,5%-ы офтальмологиялық қызмет алуды қарастырған.
Зейнетақы жинағының 1%-дан аз мөлшері басқа медициналық салаларға жұмсалды. Жинақты пайдалану бойынша толық статистиканы Қор сайтындағы "Көрсеткіштер" – "Емдеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері" бөлімінде көруге болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

