Жаңалықтар

Ел өңірлерінде әлеуметтік жағдай әртүрлі – кәсіпкер

Бұл сұрақ бүгін "Біздің ел – Біздің таңдау" онлайн марафонында талқыланды
Ел  өңірлерінде әлеуметтік жағдай әртүрлі – кәсіпкер
Фото: ortcom.kz 20.11.2022 13:41 1083

Еліміздің әр өңіріндегі әлеуметтік жағдай әртүрлі.  Бұл сұрақ бүгін "Біздің ел – Біздің таңдау" онлайн марафонында талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Бұл мәселені шешу үшін әр өңірде кәсіпкерлердің санын арттыру маңызды. Себебі қазір ең бірінші орында тұрған мәселе – халықты жұмыспен қамту. Ал кәсіпкерлер көбейсе бұл мәселе шешілді. Өкінішке орай өткен отыз жылда кәсіпкерлерге тең мүмкіндік берілмеді. Кәсіпкерлікті дамыту үшін бірінші – жемқорлықты жою керек, екінші – кәсіпкерлердің құқын қорғайтын әділ сот керек", – дейді кәсіпкер Исламбек Салжанов.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин де кәсіпкердің бұл пікірін қолдады.

"Біріншіден, бізде бүкіл салада әділдік болуы керек. Онсыз ештеңеде болмайды. Екіншіден, сол өңірлерді басқаратын тұлғалар дұрыс болуы керек. Ниеті дұрыс білікті менеджерлер келуі қажет деп ойлаймын. Сонымер бірге жаңа кадрлармен толыққан жөн. Үшіншіден, «қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына 7 триллион теңге ақша бөлінген. Ол қаржының бәрін 2025 жылға дейін игеруіміз керек. Жалпы, келген қаржыны тиімді жұмсау үшін, салалардағы жобаларды тиімді әрі уақытылы аяқтау үшін өңірлерге дұрыс басшылар керек", – деді депутат Жаңбыршин.

Сондай-ақ Жаңбыршин облыс пен аудандардың қазіргі жағдайы туралы айтты.

"Қазіргі жаңдайда өңірлерге барған басшылар өзінің кадрын алып барады. Олардың ниеті қандай екені бәрімізге де белгілі. Сондықтан жаңа адамдар, жаңа менеджерлер келмей әлеуметтік әділетсіздікті жоя алмаймыз", – деді ол онлай марафонда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға