20 Желтоқсан 2022, 13:40

El muraty . Жаңару және жаңғыру жолы» деректі фильм

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Жаңа Қазақстанда көпшілікке үлгі болып, өзгерісті өзінен бастаған жастар қатары көбейіп келеді. Олар қоғамды жақсы жағына өзгертуге деген орасан зор еңбегі үшін ешкімнен марапат, атақ, мансап күтпейді. Ел ертеңінің жарқын болуына өздерін жауапты сезінеді. «Жаңа Қазақстан: Жаңарту мен жаңғыру жолы» фильмінің авторлары еліміздегі ең күрделі үш түрлі әлеуметтік мәселені көтеріп және оның оң шешілуіне күш жігерін жұмсап жүрген жастар туралы айтуды мақсат етті.  Үшеуі де ерікті түрде бір мемлекеттік мекеменің ұжым болып істейтін жұмысын жалғыз атқарып жүргендер. Олардың жасап жүрген еңбегі мен риясыз көңілін көргенде ел болашағына деген сенім нығая түседі. 

Мәселен, Бурахан Дақанов - ерікті. Еліміздің солтүстік өңірлерін қазақыландырсам деп армандайды. Оңтүсіктегі 250 мың отбасын теріскейге көшіру арқылы аймақтағы қазақ тілінің мәртебесін арттыруды қалайды. 

Ал Қазірет Бердіхан - айтыскер ақын, ұстаз, кәсіпкер. ҚазМУ-де физика пәнінен сабақ береді. Білімді жастардың, оның ішінде нақты ғылыммен айналысатын жастардың көп болуына өз үлесін қосып келеді.

Ақмаржан Көшербаева - БҰҰ ЮНФПА Қазақстандағы қорының құрметті елшісі, әнші. Ол еліміздегі гендерлік теңдік пен ана мен бала құықтары және денсаулығы мәселесін жүйелеу қажет деп санайды. Отбасылық -демографиялық мәселеде белсенді.

Бөлісу: