«EL ARNA» және «Хабар» телеарналарын біріктіру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екі телеарнаны біріктіру 1 мамырға дейін аяқталады. «EL ARNA-ның» контенті «Хабарға» өтеді. Барлық қызметкер «Хабар» агенттігіне жұмысқа орналастырылады.
«EL ARNA» телеарнасы 2000 жылы «Хабар-2» атауымен құрылды. 2002 жылы атауы «EL ARNA» болып өзгертілді. 2014 жылдың наурызында арна жиілігінде «24KZ» жаңалықтар телеарнасы іске қосылды. Теларна 2017 жылы отандық киноарна, 2024 жылдан бастап жастарға арналған ойын-сауық арнасы ретінде қайта құрылымдалды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

