Жаңалықтар

Экспортқа шығатын тауарларға салық көлемі артады – қаржы вице-министрі

Экспортқа шығатын тауарларға салық көлемі артады – қаржы вице-министрі
Фото: ©El.kz/Миражан МАХАН 06.11.2023 16:47 1456

Экспортқа шығатын тауарларға салық көлемі артуы мүмкін. Мәжілістің қаржы комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңа заң жобасын қаржы вице-министрі Ержан Біржанов таныстырды. 

Оның айтуынша, заңнаманың мақсаты –  Қазақстаннан шығатын экспорттық тауарларды нарықтық бағамен шығып жатқанын, одан толыққанды салық түскенін қадағалау. 

Вице-министр заң жобасы 2008 жылы қабылданған және содан бері бірнеше редакторлық өзгерістер енгізілгенін атап өтті. 

Аталған заң жобасында 5 консептуалды өзгеріс бар. Бірінші нарықтағы бағаны қолдану иерархиясын жетілдіру. Қазіргі таңда трансферттік бағаны қадағалау кезінде 5 тәсіл қолданылады. Әр тәсілдің өзіндік қызмет түрлері бар.  Мысалы, бірінші тәсілде тауар түріне, қызметі түріне сәйкесінше қараймыз. Бұндай заңнама 2018 жылдан бері халықаралық тәжірибеде бар. Екіншіден, консептуалды өзгеріс ол нақты диапазонды анықтау тетігін енгізу. Мұнда нарықтағы ең төменгі және ең жоғарғы баға бойынша анықталады. Егер экспорттаушы ең төменгі бағада тауарды экспортқа шығарса оның заңдылығын дәлелдейтін боламыз. Қазіргі таңда біз тауарлар медианды түрде қадағалануы керек деп есептейміз, - деді ол. 

Ержан Біржанов заңнамадағы консептуалды өзгерістер бюджетке қосымша салық түсіретінін айтты.  

Елден экспортқа кетіп жатқан бағаларға бақылау жүргізіп, әділ түрде салық шегін бекітуіміз керек. Заңнаманы талқылау барысында Atameken-нің мамандарымен және халықаралық сарапшылар мен мамандармен кеңестік. Көп талқылау болды. Сонымен қатар мәжіліс депуттарының да назарына ұсынып отырмыз. Арнайы жұмыс тобы құрылды. Бүгін бұл заңның таныстырылымын өткіздік. Алдағы уақытта да өзгерістер болуы мүмкін, - деді ол. 

Вице-министрдің айтуынша, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда экспорт көлемі 84,4 млрд теңгені құрады. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда елімізде тауар экспорты артқан. Заңнамаға енгізілген өзгерістер республикалық бюджетке қосымша салық түсіреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға