Жаңалықтар

ЭКСПО көрмесі жайлы қызықты 10 дерек

ЭСКПО-ны II Елизаветаның атасы ойлап тапқан
ЭКСПО көрмесі жайлы қызықты 10 дерек
11.07.2017 11:09 4944

Алғашқы ЭКСПО Лондонда өтті. 1851 жылдың 1 мамырында ашылған көрмеге 20 аптада 6 млн адам келді. Бірінші ЭКСПО көрмесінде бу қозғалтқыштары, стерео-фотосуреттер, қойылтылған сүт, консервіленген азық-түлік, мүгедектерге арналған протездер, шыны көздер, стоматологиялық креслолар, «вена орындықтары»  және басқа да дүниелер көрсетілген.

Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және өнер көрмесі. Бұл француз императоры III Наполеонның ұйымдастырған көрмесінің атауы. 1855 жылы өткен көрмені 5 млн адам тамашалапты. Бұл ЭКСПО-да адамдар алғашқы рет көгалшапқыш, кір жуу машинасы, сөйлейтін қуыршақ, алты атқыш (револьвер) және жанармаймен жүретін алғашқы көлік құралдарының бірі – автокөлік сияқты «инновациялық» өнертабыстарды тамашалаған. Айтпақшы Париждегі Эйфиль мұнарасы ЭКСПО-дан қалған туынды екенін біліп пе едіңіз?

Алғаш рет ЭКСПО көрмесін бірнеше павильондарда бөліп өткізген Америка Құрама Штаттары болды. 1876 жылы Филадельфия қаласындағы көрмеде 200-ге жуық павильондар болды. Жұрттың назарын аудартқан басты жетістік – теміржол көлігін қолдану еді.

1874 жылғы ЭКСПО-да Беллдің телефоны, Томас Альва Эдисонның телеграфы, Ремингтонның жазу машинасы, сондай-ақ «Хайнц» қызанақ кетчупы көпшіліктің назарына ұсынылды.

1928 жылы Парижде Көрмелердің Халықаралық Бюросы құрылды. Инновациялық технологиялар алаңы мен әлемдік зор жетістіктердің беташарына айналған ЭКСПО-ға бұл ұйымның тигізген пайдасы орасан. Қазірде КХБ 167 мемлекет мүше.

40 миллионға жуық көрермен тартқан Чикаго көрмесінің басты жаңалығы – авиациядағы жетістіктер. Сонымен бірге, аспалы жол мен жарық шоуы орасан зор ықыласқа бөленді. 1933-1934 жылдары өткен бұл ЭКСПО-да Германия әуеге үлкен нацистік сватикасы бар дирижабльді көтеріп, әлемге өте үрейлі уақттың таяғанын білдірген еді.

«Прогресс пен адамзат». Бұл екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы бейбіт көрменің тақырыбы. Брюссельдегі көрмені 41 миллион адам тамашалады. Атомдық электростанция, компьютерлердің жаңа үлгісін  сияқты керемет дүниелер көрсетілімге қойылды.

ЭКСПО көрмесін өз елінде өткізуге қарсы шаралар да болып тұрады. Мәселен, 2000 жылы Ганновер халқы жиі наразылықтарын білдіріп, шерулерге шықты. Соның кесірінен 40 млн халық тамашалайды деген көрмеге бар болғаны 18 млн адам келді. Сондай-ақ, 2015 жылы Милан қаласында ЭКСПО көрмесінің сызылған таңбасы, «ЭКСПО-ға жол жоқ» деген секілді жазбаларды көзіміз шалды.

Монреальда қазіргі кезде біздің кинотеатрларымызда кең таралған IMAX жүйесі алғашқы рет көрсетілді. Бұл сонау 1967 жыл еді. Сол секілді көпшілікке Юрий Гагариннің Жерді айналып шыққан ғарыш капсуласы көрсетілді. 50 млн адам тамашалаған көрме өте сәтті өткен шаралардың бірі болып тарихқа енді.

Астанадағы ЭКСПО көрмесі – ТМД елдеріндегі ғана емес, Орта Азия аймағында өтіп жатқан алғашқысы. Жалпы көрмеге келуші халықтың саны 2-3 млн болады деп жоспарлаған екен. Бір айдың ішінде миллионға жуық адам келіп үлгеріпті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға