Жаңалықтар

«ЭКСПО» көрмесіне әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандар жеңілдікпен кіреді

ЭКСПО - 2017
13.06.2016 07:53 4273

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарға жеңілдік жасалатын болады.

«ЭКСПО» көрмесіне әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандар жеңілдікпен кіреді

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен брифингте «Астана EXPO 2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің бас менеджері Ақсұлу Арзықұлова мәлімдеді.

«Жалпы, жеңілдіктерге келетін болсақ, қазір таңда министрлікпен арнайы жұмыс жүргізіп жатырмыз. Студенттер, оқушылар, көпбалалы аналарға олармен келісе отырып, жеңілдіктің түрін анықтаймыз. Сонымен қатар, бұл жеңілдіктер кімдерге, қандай топтарға берілетіні анықталады», - деді ол.

Сондай-ақ, Ақсұлу Арзықұлова «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне кімдер тегін кіретінін атап өтті: 

«Ал Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жетім балаларға, 6 жасқа дейінгі балалардың барлығына «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне кіру тегін», - деді департаменттің бас менеджері.

«Көрме 93 күнге созылады. Бір адам 50 билеттен артық ала алмайды. Миланда өткен көрмеде кіру билеті 39 еуро болды. Ал біз «ЭКСПО» тарихында бағаны мейлінше төмендетуге тырыстық», - деп түйіндеді Ақсұлу Арзықұлова.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға