Экс-шенеунік сот арқылы 10 млн теңге моральдық шығын өндіріп алды
Фото: Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты
Фото: Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты
06.04.2023 12:25
1001
Энергетика вице-министрі болған Анатлий Шкарупа мемлекеттен 10 миллион теңгенің моральдық өтемақысын өндіріп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Астана соттарының Facebook парақшасындағы мәліметке сүйенсек, талапкер сот үкімімен қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеуіне байланысты кінәсіз деп танылған. Сонымен қатар аталған үкімде ақталған талапкердің қылмыстық істі жүргізген органның заңсыз іс-әрекетінен келген зиянды өндіріп алу құқығы көрсетілген.
А.Шкарупа 2018 жылы Бас прокуратураның жедел тергеу тобымен ұсталып, тергеу сотының санкциясымен тергеу изоляторына қамалған еді.
Ол Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) жауапқа тартылды.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2015 жылы Саран қаласында жылу есептегіш құралдарды орнатуға бюджеттен 215 миллион теңге жұмсалды. Сол кезде Анатолий Шкарупа қала әкімі лауазымын атқарған. Тергеу бюджет қаржысы мақсатсыз жұмсалды деген шешімге келді.
Бірақ 2021 жылы Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық соты Шкарупаны ақтап шығарды. Қылмыс құрамы анықталған жоқ. Онымен бірге істі болған екі адам да ақталды. Ал облыстық сот бірінші инстанцияның шешіміз өзгеріссіз қалдырды.
Сот талапты жартылай қанағаттандырды. Қаржы министрлігінен 10 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысы өндіріп алынады, - делінген хабарламада.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті