Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Әнұран авторынан алынып тастала ма?
27.12.2023 14:20
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Әнұран авторы тізімінен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі алынып тастала ма? Бұл сауалға мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс кулуарында журналистер Ерлан Қошановтан жақында Қырғызстанның туы өзгергенін, осы орайда елімізде Әнұран авторларының тізімінен экс-президенттің есімі алынып тасталуы қаншалықты мүмкін екенін сұрады.
Бұл дәл қазіргі кезде күн тәртібіндегі мәселе емес. Уақыт көрсетеді, - деп жауап берді Қошанов.
Ал "келесі жылы авторлыққа байланысты қабылданатын заң бойынша ескеріле ме?" деген сауалға:
Ол заң әлі бізге түскен жоқ. Сондықтан ол туралы ақпарат айта алмаймын, - деп түсіндірді мәжіліс төрағасы.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

