Экс-министр сенатор болып тағайындалды
Фото: facebook.com/darhan.hidirali
Фото: facebook.com/darhan.hidirali
28.09.2023 10:25
1023
Экс-министр Дархан Қыдырәлі ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қуандықұлы Сенат депутаты болды. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Дархан Қыдырәліні білікті және тәжірибелі мемлекет қайраткері екенін атап өтіп, бұған дейін де бірқатар маңызды іс-шараны бірге өткізгенін жеткізді. Сенатор болуымен құттықтап, депуттатық қызметіне сәттілік тіледі.
Сондай-ақ су жаңа сенатор Дархан Қыдырәлі мінберде ант берді. Бұдан соң Дархан Қыдырәліні Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайлау туралы шешім қабылданды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семсерлесу: Қазақстан құрамасы қола медаль еншіледі
Келесі жаңалық
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды