Жаңалықтар

«Экранда соғылмаған голдың авторы». Танымал комментатордың естен кетпейтін тіркестері

«Экранда соғылмаған голдың авторы». Танымал комментатордың естен кетпейтін тіркестері
Фото: @realradioutkin 20.03.2024 17:21 866

Кеше ғана ресейлік танымал телекомментаторлар Василий Уткиннің өмірден өткені туралы хабар тарады. Аузымен орақ орған комментаторды қазақстандықтар да сүйіп тыңдайтын. Оның тапқыр тіркестері көрермен қауымның арасында афоризмдерге айналып кеткен. Осы орайда El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Уткиннің бірсыпыра сөзін көпшілік назарына ұсынуды жөн көрді.  

* Экранда соғылмаған голдың авторы!

* «Эль-класико – бұл екі команда ойнайтын, бірақ «Барселона» жеңіске жететін матч.

* Ертең бәрі былай әзілдейді: «Таксидің «Реалдан» қандай айырмашылығы барын білесіз бе? Қандай? Таксиге төртеу ғана сыяды».

* 2010 жылғы 29 қарашада Испания чемпионаты аясында «Барселона» «Реалды» 5:0 есебімен ұтқандағы айтқаны.

* Титов австриялықтан пас алды. Өте әдемі пас! Өз әріптестері бұлай пас бере алмас еді.

* Инсаурральденің дриблингін көрдім, достар! Енді өмір бұрынғыдай болмайды! 

*  «Гооол! Ибай Гомес! Ұран секілді естіледі екен.

* «Иньестасыз Класико баянсыз өтетін той секілді екен. 

* «Криштиану! Әрине, ысқырайық! Сымбатты әрі ақылды адамды кім жақтырсын? Көзім әбден жеткен.

* Біз футбол ойнап жатырмыз деп ойлайсыздар ма? Жоқ, біз бұл жерде өмір сүріп жатырмыз!

* Неймардың құлауы қай кезде де әдемі. Тіпті Плющенконың өзі бұлай құлай алмайды. 

* Доп қақпадан бірнеше шақырымға ғана қиыс кетті.

* Пенальти! Егер бұл симуляция болса, Соларимен бірге сары қағаз алуға дайынмын.

* «Арсенал» ойыншысына допты тоқтату үшін шаш жетпей қалды. Жалтыр бастан тайып кеткен доп алаң сыртына шығып кетті.

* Ұшқан допқа Касымовтың басы жолықты.

* Пас әліппенің алғашқы бетіндегі әріптей оңай мәлім болды.

* Навастың аяғы Пепенің басына тиіп кетті. Оның әрекетін көзсіздікке балауға болады. Өйткені Навас аяғын сындырып алуы мүмкін еді ғой.

* Қазіргі таңда Германия – қақпашылар елі. Білікті қақпашылар жылдам өсіп шыға келеді. Меніңше, таңертең алаңға бір жұп бутсы қойып қойсаң, кешке сол жерде қақпашы дайын тұратындай.

* «Кісі өлтірушілердің көзімен қарағанда періште» деген тіркеске лайық Сульшер секілді футболшылар бар ғой. Ал Канисарес – «кісі өлтірушілердің көзімен қарағанда да кісі өлтіруші».

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға